19 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПОЛЬША ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Польша Республикасының Люблин қаласындағы Әлеуметтік және медициналық ғылымдар университетінің өкілдерінің ресми визиті өтті.

Кездесу университет ректоры Мұхтар Төлегеннің басшылығымен өтті.

Делегация құрамында Доктор Лешек Закжевский — әлеуметтік ғылымдар докторы, Еуропалық косметикалық және эстетикалық дерматология қоғамының мүшесі, Люблин қаласындағы Әлеуметтік және медициналық ғылымдар университетінің профессоры (Польша) және Доктор Агнешка Михальска — биологиялық ғылымдар докторы, Люблин қаласындағы Әлеуметтік және медициналық ғылымдар университетінің өкілі (Польша).

Визит аясында университет басшылығы мен оқытушыларымен жұмыс кездесуі өткізілді. Іс-шараға университеттің басқарма төрағасының орынбасары — стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық проректоры Ирина Ровнякова қатысты.

Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық перспективаларын, академиялық алмасуды, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды, сондай-ақ Аманжолов университетінің білім беру процесіне озық еуропалық тәжірибелерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Польша әріптестері серіктестікті дамытуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар бастамалар мен идеяларды таныстырды.

Кездесу жылы және конструктивті жағдайда өтті. Қатысушылар белсенді түрде ой-пікір алмасты, сұрақтар қойды және болашақтағы өзара әрекеттестік бағыттарын айқындады.