19 февраля 2026


ҚАУІПСІЗДІК – ҚАМҚОРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ: АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ВОЛОНТЕРЛІК КҮН ӨТКІЗДІ

Аманжолов университетінің «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері мен магистранттары жоспарлаған волонтерлік күн сәтті жүзеге асты.

Қайырымдылық апталығы аясында жиналған қаражатқа азық-түлік пен тұрмыстық қажетті заттар сатып алынып, мұқтаж отбасыға табысталды. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда отбасының үй шаруасына көмек көрсетіліп, олардың күнделікті тұрмысына тікелей қолдау жасалды.

Бұл игі іс-шара студенттердің негізгі міндеттерінің бірі — адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну және қоғамға қолдау көрсету бағытында ұйымдастырылды. Кішкентай ғана көмек бір отбасы үшін үлкен қуанышқа айналып, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың маңызын көрсетті.

Аманжолов университетінің студенттері бұл күні өз білімдері мен азаматтық ұстанымдарын нақты іспен дәлелдеп, отбасыға қажетті заттарды жеткізіп, тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге үлес қосты.