16 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ІС-ТӘЖІРИБЕ БАЗАЛАРЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРДЕЛЕДІ

Педагогика жоғары мектебі, Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының іс-тәжірибе жетекшілері — Бибинур Ержановна, Қарлығаш Бакытовна, Қарақат Берикхановна педагогикалық, өндірістік-педагогикалық және диплом алдындағы іс-тәжірибе аясында білім алушылардың тәжірибеден өту барысымен танысу мақсатында екіжақты келісімшарт жасалған мекемелерге арнайы іссапармен барды.

Іс-тәжірибе жетекшілері практика базаларындағы жұмыс орындарының ұйымдастырылу деңгейіне, білім алушыларға жасалған жағдайларға және олардың кәсіби міндеттерді орындау сапасына жан-жақты талдау жүргізді. Сонымен қатар білім алушылардың күнделікті жоспарға сәйкес атқарып жатқан жұмыстары, іс-тәжірибе құжаттарының жүргізілуі, әдістемелік дайындығы мен кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу барысы зерделенді.

Қазіргі таңда білім алушылар өздеріне бекітілген іс-тәжірибе базаларында мекеме тарапынан тағайындалған жетекшілермен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда. Олар оқу үдерісінде меңгерген дағдыларын практика жүзінде тиімді қолданып, кәсіби тәжірибе жинақтауда.

Практика базаларының жетекшілері білім алушылардың жауапкершілігін, белсенділігін және бастамашылдығын ерекше атап өтіп, олардың жұмыс сапасына жоғары баға берді. Сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына оң пікір білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.