12 февраля 2026


2026 ЖЫЛҒЫ 12 АҚПАНДА ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСУМЕН «ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ТӘУЕКЕЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Іс-шараның мақсаты — жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу тәжірибесін талқылау және алмасу, олардың педагогикалық әлеуеті мен ықтимал тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ білім беру жүйесінде ЖИ-ді тиімді, этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Дөңгелек үстел қатысушыларына құттықтау сөзін басқарма төрағасының орынбасары — стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ровнякова Ирина Владимировна арнап, білім беруді цифрландыру тақырыбының өзектілігін және оқу қызметінде интеллектуалды технологияларды пайдалануда жауапты көзқарастың қажеттілігін атап өтті.

Іс-шараға төмендегі ұйымдардың қызметкерлері мен оқытушылары қатысты:

• РФ «Иркутск мемлекеттік университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі

• «Бішкек инновациялық колледжі»

• І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College» колледжі

• «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі

Дөңгелек үстел барысында жасанды интеллектті білім беру ортасына енгізудің негізгі мәселелері қарастырылды. Қатысушылар ЖИ-ді оқытуда, білімді бағалауда, оқытуды дараландыруда және педагогикалық үдерістерді автоматтандыруда қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар нейрожелілік технологияларды пайдалануға байланысты ықтимал тәуекелдерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, академиялық адалдық, ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және этикалық аспектілер мәселелері қозғалды.

Баяндамашылар оқу және әдістемелік жұмыста ЖИ құралдарын қолданудың практикалық мысалдарымен бөлісіп, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру бойынша өз тәсілдерін ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллект қазіргі білім берудің маңызды ресурсына айналып отырғанын, алайда оны қолдану нақты нормативтік және әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді, педагогтердің құзыреттілігін арттыруды және студенттер арасында технологияларды жауапты пайдалану мәдениетін қалыптастыруды қажет ететінін атап өтті.

Дөңгелек үстел кәсіби диалог жүргізуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және білім беруді цифрлық трансформациялау саласында тәжірибе алмасуға тиімді алаң болды.

Жоғары колледж барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдіреді және серіктестік байланыстар мен бірлескен бастамалардың одан әрі дамуына үміт артады..