28 января 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ SKILLS ENBEK ОНЛАЙН-КУРСТАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУ ТӘРТІБІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Skills Enbek кәсіби оқыту платформасында онлайн-курстарды жобалау, әзірлеу және орналастыру тәртібі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылды: университеттің профессор-оқытушылар құрамы семинарға офлайн қатысса, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның Құзыреттер мен біліктіліктерді цифрлық дамыту департаментінің бас сарапшысы Гүлназ Мусина Zoom платформасы арқылы онлайн режимде қосылды.

Семинар барысында сарапшы Skills Enbek кәсіби онлайн-оқыту платформасының мүмкіндіктерімен таныстырып, онлайн-курстарды әзірлеу және орналастыру тәртібі, сондай-ақ платформаны оқу үдерісіне интеграциялау перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары оқытушыларының цифрлық білім беру контентін әзірлеуге қатысуы мен авторлық құқық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар тақырыбы университеттің профессор-оқытушылар құрамының үлкен қызығушылығын тудырып, қатысушылар тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, мазмұнды пікірталас өтті. Кездесу соңында спикер университет оқытушыларын ынтымақтастыққа шақырып, Skills Enbek платформасы үшін онлайн-курстар әзірлеуге қатысуға ұсыныс білдірді.