20 января 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ 2026 ЖЫЛЫ «АТАМЕКЕН» ҰЙЫМЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-ҚАТАРЫНА ЕНДІ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2026 жылға арналған Білім беру бағдарламалары рейтингінің нәтижелерін жариялады. Рейтинг аясында білім сапасының негізгі көрсеткіштері, бағдарламалардың жетістіктері, түлектердің мансаптық мүмкіндіктері, жұмысқа орналастыру деңгейі және жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы бағаланды.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дан рейтингке 38 білім беру бағдарламасы қатысты. Бағалау қорытындысы бойынша 27 бағдарлама ТОП-10 қатарына, оның ішінде 8 бағдарлама ТОП-3 қатарына енді.

1 орынға 6В01402 «Кәсіби оқыту, көркем еңбек және графика»; 6В01516 «Биология (IP)»; 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»; 6В08301 «Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы»

2 орынға 6В01301 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»; 6В07201 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)»

3 орынға 6В01511 «Математика–Информатика»; 6В05201 «География».

Аталған нәтижелер университеттің білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін, еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін және жоғары оқу орнының ұлттық білім кеңістігіндегі тұрақты позициясын айқын көрсетеді.