13 января 2026


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 2026 ЖЫЛҒЫ ҰБТ БАСТАЛДЫ

12 қаңтарда Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ресми түрде басталды. Бұл – әрбір мектеп бітіруші үшін білім алу мен мамандық таңдау жолындағы маңызды әрі шешуші кезең. ҰБТ тек мектеп бітірушілердің білім деңгейін бағалап қана қоймай, олардың келешектегі кәсіби жолын айқындауда маңызды рөл атқарады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті дәстүрлі түрде мектеп түлектеріне ақпараттық және кәсіби қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Бүгін университеттің кәсіби бағдар берушілері түлектерге университетке түсу процесі, оқу бағдарламалары мен оқу шарттары жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы кеңестер мен тестілеуге дайындыққа қатысты практикалық нұсқаулар ұсынылды.

Университет мамандары барлық қатысушыларға сабырлылық пен зейін қоюды, тест тапсырмаларын дұрыс орындауды, сондай-ақ жоғары балл жинап, армандаған оқу орнына түсуге сәттілік тіледі.