17 февраля 2026
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІН ПІКІРЛЕСТІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің кезекті Ғылыми кеңесі отырысы жаңа Конституция жобасын және алдағы референдумды қараудан басталды. Кеңес мүшелері оның өткізу мерзімдері, қатысу тәртібі және университет қауымдастығын хабардар ету маңыздылығына ерекше назар аударды. Студенттер мен оқытушылардың дауыс беру процесіне белсенді қатысуы азаматтық жауапкершілік пен саналы позицияның көрінісі деп айтылды.
Отырыс барысында ректор университеттің 2026 жылға арналған міндеттерін таныстырып, оларды ғылым мен жоғары білім саласындағы ұлттық басымдықтармен байланыстырып өтті. Арнайы атап өтілгені – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген коллегия отырысының қорытындылары, оған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Коллегия аясында жоғары білім мен ғылым жүйесін дамыту бойынша негізгі бағыттар белгіленді: цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, ғылыми инфрақұрылымды дамыту және отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Кеңесте әрі қарай Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің қызметін талдау және мониторинг мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның жетістіктерін, ғылыми белсенділік көрсеткіштерін және білім беру бағдарламаларының сапасын саралады. 2026 жылға арналған басым бағыттар айқындалып, ғылыми әлеуетті нығайту және оқу процесін жетілдіру мақсатында нақты шаралар белгіленді.
Отырыстың қорытындысында профильді комиссияның жұмысы бойынша есептер ұсынылып, университеттің барлық жоғарғы мектептерінде білім сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы, жобаларға, конференциялар мен олимпиадаларға тартылуы, жас ғалымдарды қолдау және зерттеу дағдыларын дамыту шаралары қаралды. Арнайы назар кәсіби бағдарлау жұмыстарына және студенттер мен қызметкерлердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге аударылды. Барлық талқылаулар университеттің стратегиялық дамуын, академиялық сапасын арттыруды және ғылыми-профессионалдық әлеуетін күшейтуді көздеді.









