11 февраля 2026


ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ГАЛЕРЕЯСЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 27 ақпанда «Жасанды интеллектті қолдану арқылы өткізілетін сабақтардың әдістемелік галереясы» өтеді.

Мақсаты: білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың озық педагогикалық тәжірибелерін таратуға арналған әдістемелік алаң құру. Іс-шара оқыту сапасын арттыруға, білім алушылардың сыни ойлауын, цифрлық және метапәндік құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ педагогтердің кәсіби өсуіне және оқытудағы инновациялық әдістерді енгізуге бағытталған.

Қатысушылар: пән мұғалімдері, «Жасанды интеллектті қолдану арқылы үздік сабақ» байқауының жеңімпаздары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогикалық мамандықтардың студенттері.

Өтетін орны мен уақыты: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34), басталуы сағат 9:00-де.

Ұйымдастырушылар: «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ және ШҚО Білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік ақпараттандыру және білім беруді дамыту орталығы КММ.