11 февраля 2026


ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ГАЛЕРЕЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Örken» өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының білім беру мазмұны және білім сапасын мониторингілеу кабинетінің әдіскері Айгүл Желпакова арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында университет базасында бірлескен ғылыми-әдістемелік және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.

2026 жылғы 27 ақпанда өтетін «Жасанды интеллектті қолдану арқылы өткізілетін сабақтардың әдістемелік галереясы» іс-шарасына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл шара педагогтердің тәжірибе алмасуына, заманауи білім беру тәжірибелерін таныстыруға және оқу үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдарын талқылауға арналған алаң болмақ.

Тараптар білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, өңір педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамытуға және білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.