6 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ TEMІРЛАН ҚАЗЕЗОВ WORLD CUP TASHKENT 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Өзбекстанның Ташкент қаласында World Armwrestling & Para Armwrestling World Cup Tashkent 2026 халықаралық турнирі өтті. Бұл жарыс әлемнің әр түкпірінен келген үздік армрестлингшілерді жинап, кәсіби спорт күнтізбесіндегі маңызды шаралардың бірі болып саналады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тағы да бір білім алушысы, «Дене шынықтыру және спорт» бағдарламасының 3-курс студенті Темірлан Қазезов өз салмағында бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс барысында ол техникалық шеберлігін, тактикалық ойлау қабілетін және шыдамдылығын көрсетті.

Жеңіс Темірланның табанды еңбегі мен үздіксіз дайындықтарының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар университеттің студенттердің спорттық дамуына, салауатты өмір салтын ұстануына және халықаралық аренада ел намысын қорғауына беретін тұрақты қолдауының дәлелі болып отыр.

Университет ұжымы жас спортшының бұл жетістігін мақтан тұтып, оның кәсіби және спорттық дамуына барлық жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсететінін ерекше атап өтті. Бұл жеңіс тек Темірланның ғана емес, бүкіл университеттің абыройын көтерген маңызды оқиға болып табылады.