9 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті заманауи білім беру талаптарына сай профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуына әрдайым ерекше мән беріп келеді. Атап айтқанда бүгін университтің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде әдістемелік онкүндік өз жұмысын бастады.

Аталған әдістемелік онкүндіктің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу арқылы жоғары оқу орнындағы білім сапасын одан әрі жетілдіру.

Онкүндік аясында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға және заманауи білім беру талаптарына сай студентке бағдарланған оқытуды дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Әдістемелік онкүндіктің негізгі міндеттері: өзекті педагогикалық тәжірибені таныстыру және оны жас оқытушылар арасында тарату, оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында озық кәсіби тәжірибе алмасу; оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін іздестіру және оларды білім беру процесінде қолдану; студентке бағдарланған оқыту аясында оқытушылар мен білім алушылар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайту.

Әдістемелік онкүндік университеттің академиялық әлеуетін арттыруға, білім беру сапасын жүйелі түрде дамытуға және оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң болмақ.