13 января 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТАЛДАУ МЕН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қысқы мектеп аясында профессор-оқытушылар құрамына арналған «Интеллектуалды талдау мен деректерді өңдеудегі жасанды интеллект» тақырыбындағы екінші семинар өтті.

Іс-шара ZOOM платформасында онлайн форматта ұйымдастырылып, университеттің кең ауқымды оқытушылар қауымының қатысуына мүмкіндік берді.

Семинар спикерлері – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасының сениор-лекторлары Арайлым Тукушова мен Ақмарал Жақсалықова болды.

Семинар барысында деректерді интеллектуалды талдау мен өңдеуде жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ оларды жоғары білім беру үдерісінде пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылды. Оқу және оқу-әдістемелік қызметке ЖИ-шешімдерді енгізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Семинар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, жоғары білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің өзекті үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға, тәжірибе алмасуға тиімді алаң болды.