6 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКО-QUIZ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Табиғатты қорғайық!» тақырыбындағы ЭКО-quiz ойыны өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және белсенді азаматтық ұстанымды нығайту.

Сайысқа барлығы 6 команда қатысты: «Шабыт», “Jas talant”, “Shuaq”, “Оқырман”, “Jastar ruhy” және “Қырандар” клубтары.

Қорытындысы бойынша І орын – “Shuaq” клубы, ІІ орын – “Оқырман” клубы, ІІІ орын – «Шабыт» клубы иеленді.

Қалған командалар белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Мұндай экологиялық бағыттағы іс-шаралар жастардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады.

Аталған ЭКО-quiz ойыны университеттің Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімі мен Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өтті