19 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ — ҮНСІЗ ҚАЛУҒА БОЛМАЙТЫН МӘСЕЛЕ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Экология және география кафедрасында «Экология» білім беру бағдарламасы және «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Тұрмыстық зорлық-зомбылық — үнсіз қалуға болмайтын мәселе» тақырыбында дәріс-тренинг өтті.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері, оның түрлері, себептері мен салдары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар зардап шеккендердің құқықтары, көмек алу жолдары және қолданыстағы қорғану шаралары туралы маңызды ақпаратқа ие болды.

Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, студенттер белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулер жастардың хабардарлығын арттыруға, өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне бейжай қарамау керектігін еске салуға ықпал етеді.

Аталған іс-шараны «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ психологі Романовская Александра Николаевна жоғары кәсіби деңгейде өткізді. Іс-шараны ұйымдастыруға қауымдастырылған профессор, PhD доктор Жазнаева Ж.Қ., жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Даукенова Б.С., сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарының магистрі, сениор-лектор Орсаринова А.О. атсалысты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу арқылы қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті нығайтуға өз үлесін қосуда.