30 января 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ТАЗАЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» АЯСЫНДА АУДИТОРИЯЛАРДА САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі аясында Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасы мен Физика және технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Тазалық апталығы» шеңберінде №7 оқу ғимаратында аудиториялар мен оқу кеңістіктерінде тазалық жұмыстарын жүргізу шарасы өтті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – университеттегі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін қолайлы, таза әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында тазалық мәдениеті мен жауапкершілік құндылықтарын нығайту болып табылады.

Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында аудиториялар ретке келтіріліп, оқу үдерісіне қажетті қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілді. Мұндай бастамалар студенттердің қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастырып қана қоймай, оқу ордасындағы тәртіп пен ұйымшылдықтың айқын көрінісі болып саналады.

Тазалық – тек санитарлық талап емес, ол мәдениет пен жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші. Университет қабырғасында жүзеге асырылып жатқан осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.