18 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕКТОРДЫҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген шетелдік студенттермен кездесу өткізді. Іс-шара жылы әрі ашық атмосферада өтіп, диалог пен мәдени алмасуға арналған алаңға айналды.

Кездесуге «Orhun» бағдарламасы аясында Фырат университетінен (Түркия) келген студенттер, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Сотим Улугзода атындағы Тәжік халықаралық университетінен келген білім алушылар қатысты. Бұдан бөлек, Ауғанстан, Бангладеш, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Әзербайжан және Моңғолиядан келген студенттер де болды.

Кездесу барысында студенттер оқу үдерісі туралы әсерлерімен бөлісіп, өз елдері жайында әңгімелеп, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Академиялық ұтқырлық, ғылыми қызмет, жатақханада тұру жағдайлары және студенттік ортаға бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ректор интернационалдандыру университет дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, шетелдік студенттер үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысы жалғасын табатынын жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар университет басшылығына қолдау мен ықыласты көзқарас үшін алғыстарын білдіріп, өздерін біртұтас академиялық қауымдастықтың мүшесі ретінде сезінетіндерін айтты.