9 января 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОСТАККРЕДИТАЦИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін университетте I және II кезеңдер бойынша постаккредитациялық мониторингке (ПАМ) дайындыққа арналған жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Жоғары мектептердің декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Кеңес барысында IAAR Сыртқы сараптамалық комиссиясының ұсынымдарын іске асыру бойынша аралық есептерді дайындау және ұсыну мәселелері қаралды. Сонымен қатар есептік материалдарды тапсыру мерзімдері мен жауапты құрылымдық бөлімшелер айқындалды.

Постаккредитациялық мониторингтің I кезеңі аясында келесі білім беру бағдарламалары талқыланды 6В01507 Химия-Биология; 6В05302 Химия және наноматериалдар; 6В01510 География-Тарих; 7М11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; 8D05302 Химия; 6В01508 Математика-Физика; 6В01509 Физика-Информатика; 6В08301 Орман ресурстары, аңшылықтану және омарта шаруашылығы; 8D01501 Информатика; 8D05401 Математика; 6В05203 Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі.

ПАМ-ның II кезеңі шеңберінде мынадай білім беру бағдарламалары қарастырылды 6В04202 Сот және прокурорлық қызмет; 6В04203 Корпоративтік юрист; 6В01405 Сауықтыру дене шынықтыру; 6В05303 Ядролық физика және атом энергетикасы; 6В05305 Қолданбалы физика, наноматериалдар және инноватика; 7М01513 STEM-білім беру; 6В01511 Математика-Информатика; 6В06103 Компьютерлік мехатроника; 7М06102 Ақпараттық жүйелер.

Кеңес қорытындысы бойынша IAAR Сыртқы сараптамалық комиссиясының ұсынымдарын уақтылы әрі сапалы орындаудың, сондай-ақ постаккредитациялық мониторинг аясында Жоғары мектептер мен кафедралар арасындағы үйлесімді жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.