6 февраля 2026
АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ТӘРБИЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби іс-әрекеті және оның заманауи аспектілері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды. Аталған курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған бағдарлама аясында университеттің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында 2026 жылдың 26 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында өткізілді.
Біліктілікті арттыру курсынан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №102 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері өтті. Оқу бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру саласындағы заманауи талаптарға сай әзірленіп, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.
Курс барысында қатысушыларға мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби қызметіндегі өзекті мәселелер, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық әдістері қамтылған мазмұнды дәрістер мен практикалық сабақтар ұсынылды. Теория мен практиканың тиімді үйлесуі тыңдаушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Курс соңында сертификат табыстау рәсімі өтіп, оған университеттің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Бақытгүл Исебаева және педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қарғаш Атыманова қатысты.
Курсқа қатысушылар білім беру бағдарламасының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған оқу-әдістемелік материалдардың мазмұнды әрі тәжірибеде қолдануға қолайлы екенін атап өтті. Сондай-ақ олар курс ұйымдастырушыларына және Аманжолов университетінің қауымдастырылған профессоры Қарғаш Атыманова сапалы білім беріп, кәсіби дамуына мүмкіндік жасағаны үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Аманжолов университетінде ұйымдастырылған мұндай біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға және заманауи талаптарға сай кадрлар даярлауға зор үлес қосады.
