13 января 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСТЕР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында құқықтық кеңестер ұйымдастырылды. Іс-шара университеттің заң клиникасы базасында өтті. Құқықтық консультацияларды ұйымдастыру мен өткізуді клиника жетекшісі Марианна Дячук жүзеге асырды.

Кеңестер барысында әлеуметтік осал топ өкілдеріне, сондай-ақ университет студенттеріне тегін құқықтық көмек көрсетілді. Қатысушылар өздерін толғандырған өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер алып, қолданыстағы заңнама аясында нақты ұсыныстармен танысты.

Аталған іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және университеттің әлеуметтік миссиясын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.