6 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жойқын жер сілкінісі туындаған жағдайда профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылардың іс-қимылдарға дайындығын тексеру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Төтенше жағдайлар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету және жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру аясында білім алушылар үшін тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар оқу ғимараттарында және студенттер үйлерінде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Бұдан бөлек, студенттер үйлерінде жоспардан тыс оқу-жаттығулар мен нұсқаулық сабақтар ұйымдастырылып, сейсмикалық қауіп жағдайында қауіпсіз мінез-құлықтың практикалық дағдыларын пысықтауға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін қорытынды талдау жүргізіліп, оның барысында қызметкерлер мен білім алушылардың әрекеттерінің дұрыстығы мен үйлесімділігі, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қаралды.