19 февраля 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті шет тілдері және аударма ісі кафедрасында бірінші курс студенттеріне арналған “Level Up” Quiz Party атты зияткерлік-академиялық іс-шара өтті. Аталған шара студенттердің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ олардың сыни ойлау, топпен жұмыс жасау және тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Байқау барысында қатысушылар түрлі логикалық және аналитикалық тапсырмалар орындап, өздерінің стратегиялық ойлау қабілеттерін, тәуекелге бару дағдыларын (соның ішінде «+» ұпайлық тапсырмалар арқылы) және уақыт тапшылығы жағдайында бірлесіп жұмыс істей алу мүмкіндіктерін көрсетті. Әр кезең студенттерден жоғары зейін мен жылдам әрекет етуді талап етті.

Іс-шараның атмосферасы академиялық талап пен салауатты бәсекелестікті үйлестіре отырып, қатысушыларға өз білімдерін тәжірибе жүзінде сынап, сенімділіктерін арттыруға мүмкіндік берді. Quiz Party студенттер үшін тек сайыс қана емес, сонымен қатар жаңа тәжірибе мен жағымды эмоция сыйлаған мазмұнды кездесу болды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен командалар анықталды: І ОРЫН – Yellow River; ІІ ОРЫН – Black Cat; ІІІ ОРЫН – Blue Blood

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттердің академиялық әлеуетін арттыруға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және білім беру үдерісін жандандыруға бағытталған осындай мазмұнды әрі тиімді іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда.